Ерлан Қарин Джеки Чанды Қазақстанға әкелуге қанша қаражат жұмсалғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Қарин Джеки Чанды Қазақстанға әкелуге қанша қаражат жұмсалғанын айтты © instagram.com/erlankarin

"Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин аңыз актер Джеки Чанды Қазақстанға әкелуге қанша қаражат жұмсалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин аңыз актер Джеки Чанды Қазақстанға әкелуге қанша қаражат жұмсалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Қазақстан телеарнасындағы "Түнгі студия" бағдарламасының ерекше қонағы - Джеки Чан. Бір апта бұрын ол тұңғыш рет Қазақстанға ұшып келді және осы сұхбатты ұйымдастыру мүмкіндігі туды, ол басында тек Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанатына қатысуы керек еді, алайда ол бізге мүмкіндік жасап, аз ғана уақыттың ішінде баспасөз мәслихатын өткізіп, бағдарламаға қатысуға келісім берді, ойда жоқта болды, соңғы сәттерде ғана шешілді", - деп жазды ол.

Сонымен қатар, айтуынша, Джеки Чанның Астанаға келуінен бір тиын да шығын болмаған екен. "Ол өз ұшағымен, достарымен бірге келді, оған ешқандай да гонорарды ешкім төлеген жоқ, ешқандай да райдерін көрсеткен жоқ. Тіпті қымбат көлікпен қарсы алудан да бас тартты, тек қарапайым минивэн сұрады, сол көлікпен достарымен бірге қаланы аралады. Жергілікті астаналық рестораторлар аңыз адамды қуана-қуана қонақ қылды, тіпті біз оның кешкі асына да шығынданбадық", - деді Қарин.   

Джеки Чанға тек ЭКСПО сувенирі мен билеттері беріліпті. 

"Джеки өте ерекше, өте қарапайым, қайырымды, адал әрі ақкөңіл адам екен. Суретке түсуден де ешкімге қарсы болмады, әзіл айтып, көңілді жүрді. Ол біздің елді ұнатып қалды, тағы келуге де келісім берді, біріккен жобаларымызға қатысу үшін ұзағырақ уақытқа келеді. Күтеміз", - деп пікір білдірді "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы.

Еске салайық, аңызға айналған актер Джеки Чан Қазақстанға 7 маусымда келген болатын. Оны Астана әкімі Әсет Исекешев әйгілі актерді әуежайдан өзі күтіп алған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети