Қазақстандық белгілі режиссер әрі сценарист Ермек Тұрсынов Алматыда шығармашылық кешін өткізіп, БАҚ өкілдері мен көрерменнің сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.
Қазақстандық белгілі режиссер әрі сценарист Ермек Тұрсынов Алматыда шығармашылық кешін өткізіп, БАҚ өкілдері мен көрерменнің сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.
Нақтырақ айтқанда, "Оскар" жүлдесіне номинант болған фильмдердің авторы мәдениет министрлігіндегі "пара" мен Қазақстанда мемлекеттік төңкеріліс жасамақ болды деп айыпталып, қамауға алынған шымкенттік бизнесмен Тоқтар Төлешовтің киностудиясындағы фильм түсіру жұмыстары жайында айтып берді.
Режиссер Талғат Жәнібековтың мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын пара сұрады деп айыптап, таяуда жасаған атышулы мәлімдемесіне қатысты Тұрсынов былай деді: "Мәдениет министріне қатысты көп сөз айтылып жатыр. Өз кезінде маған да солай сөз айтылған. Мен "бірге бір төбелесу", "Топпен бір адамға жабылмау керек" деген түсінікпен өскен адаммын. Ал мұнда бастапқыда бір адам сөз айтып, кейін барлығы жабылып кеткенін көріп отырмыз. Бірақ мәдениет саласындағы проблемалар Мұхамедиұлыға дейін-ақ болды ғой, соңғы 25 жылдағы министрлердің кезінде болды ғой".
Ал режиссердің өзінен пара бопсаланды ма деген сұраққа ол "жоқ" деп жауап қатты. "Мұхамедиұлымен жақсы қарым-қатынастамын, өнер институтының ректоры болып тұрғанынан бері таныспыз. Сол кездің өзінде мен танымал режиссер едім, ал ол мәдениет министрі болған жоқ. Ол жақсы жігіт, көпшіл, рояльда ойнайды, ән айтады", - деді Тұрсынов.
Ал бизнесмен Төлешов пен оның киностудиясы жайлы айта отырып, Ермек Тұрсынов "Ближний бой" фильміне сценарий жазғанын, бірақ күмәнді ойлардан кейін түсірілім жұмыстары ұнамай қалғанын, сондықтан бұл істі "тастауды" шешкенін мәлімдеді.
"Фильм Шымкентте түсірілді, Тоқтар Төлешовтің Shymkent pictures киностудиясында. Төлешов жайлы не айта аламын? Ол, әрине, өзіне тән қасиеттері бар адам, шымкенттіктердің ішінде де ерекшеленіп тұрады. Фильмді көрмедім, алайда жұмыс материалдарын жібергенде мұның нашар картина екенін ұғып, титрлерден менің аты-жөнімді алып тастауды сұрадым. Сценарий жазғаным үшін олар маған ақша төлемеді. Тоқтар Төлешовке адам ретінде өкпем жоқ. Ол өте қонақжайлы адам, ешкімде жоқ зәулім үйінде бізді күтіп алған еді, ал оның не бүлдіргені, Назарбаевты биліктен кетіргісі келді ме, жоқ па - ол менің шаруам емес", - деді кинодраматург.