11 наурыз 2014 16:58

Ермек Тұрсыновтың фильмі "Ника" жүлдесіне ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Шал" фильмінен кадр "Шал" фильмінен кадр

Белгілі режиссер Ермек Тұрсыновтың "Шал" фильмі "ТМД және Балтық елдерінің үздік фильмі" деген аталым бойынша "Ника" премиясына ұсынылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазақфильм" киностудиясының сайтына сілтеме жасай отырып. "ТМД және Балтық елдерінің үздік фильмі" аталымынан бұдан басқа тағы төрт фильм үмітті: "Капитализм на Поперечной улице" (Латвия), "Страсть" (Қырғызстан), "Хайтарма" (Украина) және "Экскурсантка" (Литва). Осы уақытқа дейін бірнеше қазақстандық фильм "Ника" премиясына ұсынылған болатын. Атап айтқанда, Сатыбалды Нарымбетовтың "Қыз жылаған", Рүстем Әбдірашовтің "Остров возрождения" және "Сталинге сыйлық", Жаңабек Жетіруовтың "Записки путевого обходчика", Абай Кұлбайдың "Стриж", Ардақ Әмірқұловтың "Қош бол, Гүлсары!" картиналары. Алайда "Ника" жүлдесі 2005 жылы Серік Апрымовтың "Аңшы" фильміне ғана бұйырды. "Ника" – Ресей кинемотография академиясы тағайындаған ұлттық кинемотографиялық жүлде. 2013 жылы кинемотографиялық академияның президенті болып Андрей Кончаловский тағайындалды. Ал академияның іргесін қалаушы және көркемдік жетекшісі Юлий Гусман. Эрнест Хемингуэйдің "Шал және теңіз" атты повесінің желісімен түсірілген "Шал" фильмі 2013 жылдың үздік картинасы деп танылған. Аталған картина "Оскар" жүлдесіне ұсынылған. 2013 жылы "Киношок-2013" байқауында Гран-при иеленді, Басты рөлді ойнаған Ерболат Тоғызақов ең үздік ер адам рөлі үшін марапатталған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети