Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмінің премьерасы Эстониядағы кинофестивальде өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмінің премьерасы Эстониядағы кинофестивальде өтті © "Жат" фильмінен

Таллинде өткен "Қараңғы түндер" кинофестивалінде қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмінің премьерасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі картина продюсері Қанат Төребайға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таллинде өткен "Қараңғы түндер" кинофестивалінде қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмінің премьерасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі картина продюсері Қанат Төребайға сілтеме жасап.

Тұрсыновтың жұмысы фестивальдің негізгі бағдарламасына кірді. Продюсердің айтуынша, еуропалықтар картинаны ерекше ықыласпен қабылдады. "Басты рольдегі кейіпкердің өмірін бейнелеп қана қоймай, жалпы философиялық мәселелерді көрсеткен картинаны көрермендер жақсы қабылдады", - деді Төребай. Айта кетейік, кинофестиваль 13-29 қараша аралығында өтеді.

Бұған дейін "Жат" фильмі "Шет тілдегі ең үздік фильм" категориясы бойынша "Оскар" жүлдесіне негізгі үміткерлердің тізіміне кірген болатын. "Жат" фильмі өмірде болған оқиғаларға негізделген, онда 30-жылдары өмірден баз кешіп, тауда ғұмыр кешуге кетіп қалған Ілияс есімді ер адамның басынан кешкен жайттар баяндалады. Бостандығын сақтау үшін ол қоғамдық қысымға тап болады. Айта кетейік, "Жат" фильмінің сценарийін Ермек Тұрсынов 25 жыл бұрын диплом жұмысы үшін жазған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети