Еуропалық кино академиясы жыл фильмін атады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропалық кино академиясы жыл фильмін атады Фильмнен үзінді

Еуропалық кино академия режиссер Ясмила Жбаничтің "Қайда барасың, Аида?" (Quo vadis, Vida?) фильмін жылдың үздік фильмі деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі киноакадемия сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропалық кино академия режиссер Ясмила Жбаничтің "Қайда барасың, Аида?" (Quo vadis, Vida?) фильмін жылдың үздік фильмі деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі киноакадемия сайтына сілтеме жасап.

Фильм 1995 жылғы Босния соғысы кезіндегі әйелдің өмірі және Сребреницадағы оқиғалар туралы баяндайды. Босния соғысының ортасында бұрынғы мектеп мұғалімі Аида күйеуі мен ұлдары жұмыс істейтін лагерьде аудармашы болып істейді. Аида нағыз трагедия жақындап келе жатқанын түсініп, туыстарын құтқаруға бар күш салады.

Фильмнің премьерасы 25 маусымда Австрияда өтті. Басты рөлдегі Ясна Дуричич үздік әйел ролі үшін марапатқа ие болды.

Энтони Хопкинс үздік ер адам рөлі үшін Еуропалық кино академия марапатына ие болды. Ол француз режиссері Флориан Зеллердің "Әке" фильмінде басты рөлді сомдады.

Былтыр Еуропалық кино академиясы Another Round фильмін жылдың ең үздік фильмі деп таныған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети