Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

"Феникс" фильмін түсірушілер Назарбаевқа хат жолдады

22 Шілде 2015, 14:22
0
Тұңғышбай Жаманқұлов пен Талғат Жәнібеков
Тұңғышбай Жаманқұлов пен Талғат Жәнібеков

"Феникс" фильмін түсірушілер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ресми хат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хаттарында түсірілім тобы Мемлекет басшысынан қаржыландыру жөнінде көмек сұраған. Еске сала кетейік, "Феникс" атты ғылыми-фантастикалық триллердің продюсері Талғат Жәнібеков Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан болған кедергілерден кейін түсірілім тобының жұмысты тоқтатқанын хабарлаған болатын.

"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізден жағдайдың шешімін тауып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының құзыреттілігін тексеруіңізді сұраймыз. Кино өндірісі мен мәдениет саласында олардың біліктілігі күмән тудырады", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, танымал "Джокер" фильмі арқылы танылған Талғат Жәнібеков жаңа фильмді түсіру жұмыстарын 2014 жылы бастаған болатын. Басында жаңа фильмге "Қазақфильм" 100 миллион теңге бөлді. Продюсерлердің айтуынша, бұл қаражат жұмсалып біткен. Баспасөз мәслихатында Халық әртісі және фильм продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов ақша аударылғаннан кейін жұмыс сол жылы толық аяқталғанын айтты. Мәдениет министрлігіндегі басшылық ауысқаннан кейін қаржыландыру тоқтап қалған.

Жаманқұловтың айтуынша, жоба авторлары бұдан кейін америкалық-ресейлік Aldamisa Entertainment компаниясымен келісімшартқа отырған. Келісімшарт бойынша "Қазақфильм" мен Aldamisa Entertainment 550 миллион теңгеден аудару керек болған. Продюсерлердің айтуынша, қазақстандық тарап келісімшарттағы міндеттемелерін орындамай отыр. Режиссер "Феникс" фильмін 2015 жылдың желтоқсанында тапсыру керек.

ОКҚ брифингінен кейін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қаражат бөлгенге дейін жоба авторлары бірнеше міндеттерді орындау керегін айтты. "Феникс" фильміне дайындық жұмыстары үшін оларға 100 миллион теңге берілді. (...) Мен режиссерге фильмді қолдайтынымды айттым, дегенмен ол бірге жұмыс істеу үшін өз ісінің мамандарын алу керек. Егер режиссер де, продюсер де, сценарий авторы да ол өзі болса, бұл мен үшін күмәнді. Егер ол Ермек Тұрсынов, Ардақ Әмірқұлов сияқты маман болса мен оған берер едім. Ал ол қырсығып өзі түсіретінін айтып отыр. Оның үстіне олар 550 миллион теңге сұрап отыр, ол 3 миллион доллардан жоғары ақша. Менің "Феникске" қарсылығым жоқ. Олар өз қаражаттарына сәйкес сценарий жазсын, ең бастысы жақсы жұмыс шықса болды", - деді Мұхамедиұлы Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетейік, "Феникс"фильмі 1978 жылы Кеңес одағы ғалымдарының бөлшектерді үдеткішті жасауы туралы. Осыған орай Жер бетіне қауіп-қатер төніп, қоршаған орта ласталады. Сол кезде ғалым Аман Ахметов пен Сергей Скворцов ядроны қалпына келтіретін "Феникс" жобасын ойлап табады. Осыдан кейін әлемнің барлық ғалымдары бірігіп, Жер шарын қорғауға кіріседі. Айта кетейік, фильмге кеңес берушілердің ішінде Талғат Мұсабаев бар.

Басты рольдерде Тұңғышбай Жаманқұлов, Төлепберген Байсақалов ойнайды. Сонымен қатар, голливуд жұлдыздарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Фильмді 12 сәуір - Ғарышкерлер күніне орай жарыққа шығару жоспарланып отыр.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай