07 қазан 2022 11:00

"Голиаф" - Әділхан Ержановтың озбырлық табиғатын зерттеуі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдік көрсетілімі Венециялық "Жаңа белестер" кинофестивалінде өткен, Әділхан Ержановтың "Голиаф" атты жаңа туындысы қазақстандық және ресейлік кинопрокатқа шығады.


Әлемдік көрсетілімі Венециялық "Жаңа белестер" кинофестивалінде өткен, Әділхан Ержановтың "Голиаф" атты жаңа туындысы қазақстандық және ресейлік кинопрокатқа шығады.

Бір қызығы, фильм дәл екі елдің де саяси-әлеуметтік өмірінде қарама-қайшы, бірақ түбегейлі өзгерістер орын алып жатқан уақытта жарыққа шығатыны. Бір жағынан соғыс пен әскерге жұмылдырумен ушыққан диктатураның қыспағы болса, екінші жағынан Жаңа Қазақстан, қоғамның демократиялануы мен жеке тұлғаға табынушылықты жоққа шығаруға құлшынған үдерісті байқаймыз.

Ержановтың сөзінше, ол басқару мен бағыну тақырыбына бұрыннан қызыққан, ал "Голиаф" бұл тақырыптың астарлы әңгіме мен желілі экшн арқылы көрсетілген түсіндірмесі болып отыр.

Фильмге арқау болған екі мифологиялық кейіпкер - Қаратас ауылын қол астына алған дөкей Пошаев (Данияр Алшынов) пен классикалық "кішкентай адам" Арзу (Берік Айтжанов). Туындының сюжеті олардың қарама-қайшылығы мен Қаратас ауылының тұрғындары мен жергілікті озбыр арасындағы қарым-қатынасқа негізделген.

Ержановтың Інжілдегі Голиафты негізге алып, оған қарсы Дәуітті емес, айдаһарды өлтіріп, бәлкім, өзі айдаһарға айналуға мәжбүр болатын батыр ретінде Ланселотты қоятыны таңдандырады.

Осылайша, Ержанов озбырлықтің түп-тамыры озбырдың жеке тұлғасына ғана емес, қоғамның бағынуға деген шексіз мұқтаждығына негізделгенін жанама түрде көрсетеді.

Шүбәсіз, Ержановтың режиссерлігінен бөлек, "Голиафтың" басты ерекшелігі - Данияр Алшынов пен Берік Айтжанов сомдаған кейіпкерлердің арпалысы. Біріншісі, нағыз зұлымдықтың тозақтық бейнесін нанымды түрде жаңғыртады, ал екіншісі өзінің ұстамды ойынымен бір жағынан үміт сыйлайтын, сонымен қатар Қаратасты біржола анархияға түсіп кетуіне жол бермейтін  жұмсақ күштің бейнесін көрсетеді.

Фильмді БАҚ өкілдері мен киносыншылар жоғары бағалап, рөлдері үшін Берік Айтжанов пен Данияр Алшынов  Венециялық кинофестивальде тәуелсіз киносыншылардың арнайы - Premio bisato d'oro 2022 Best Actors марапатын алды.

- "Голиафтың" басты артықшылығы - абстрактілі философиялық, діни ұғымдарды көңілге қонымды көркем шығарма арқылы көрсетілуінде емес. Ең алдымен, бұл фильм қандай-да бір шығыстанудан ада, әлемнің кез келген жерінде түсінуге болатын әмбебап, түсінікті кино тілінде жасалғанында. Інжіл мен "Ессіз Максті" еске салатын шөлді, ақырзаманнан кейінгі пейзаждар, озбырлықтың керағарлығы, нақты режиссерлік шешімдер осы фильмді ерекшелейді", - дейді "Кинопоиск" онлайн-кинотеатрының бас редакторы Игорь Кириенков.

- Әділхан Ержановтың фильмі - шебер түсірілген көлемді кино, әрдайым көкейтесті болатын мәңгі сюжетке айналатыны сөзсіз. Соған қарамастан, мұнда Інжілдегі хикая кенет атпен қуу, атыс-шабыс пен жекпе-жекке шығу сияқты әрекеттер арқылы нео-вестернге айналады. Бірегей диптих пайда болады, біреулер кек алу оқиғасының ерекше жанрлық қайта саралауын көрсе, енді біреулер жансыз шөл далада икемді ағаштың өсіп шығуы жайлы астарлы аңызды көреді", - деді Газета.ru Елена Зархина.

- Атауының өзі Інжілдегі хикаяны көруге дайындайтындай болады, бірақ "Голиаф" астарлы аңыздың шегінен шығып кетеді. Макиавеллидің "Патшасынан" келтірілген - зұлымдық - жығылған қарсылас орнынан тұра алмайтындай болу керек - деген эпиграф бір жағынан философиялық толғаныстарға дайындаса, екінші жағынан билікті мүмкіндігінше ауқымды түсінуге шақырады", - деді Алексей Филиппов, kinotoday.ru.

Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети