Голливудта қанша әйелдің зорлаушылардың құрбаны болғаны анықталды, - деп жазады Lenta.ru.
Голливудта қанша әйелдің зорлаушылардың құрбаны болғаны анықталды, - деп жазады Lenta.ru.
Америкалық USA Today газеті жүргізген сауалнаманың нәтижелеріне қарағанда, киноиндустрия саласында жұмыс істейтін әйелдердің 94 пайызы алымсақтықтың құрбаны болған. Ал тағы бір бөлігі зорлықшылардың құрбаны болған екен.
Сондай-ақ, зерттеудегі мәліметтерге қарағанда, сауалнамаға жауап берген әйелдердің 21 пайызы оларды жыныстық қатынасқа мәжбүрлегендерін айтады.
Айта кетейік, зерттеуге ойын-сауық индустриясында түрлі салаларда жұмыс істейтін 843 әйел қатысты. Онда продюсерлер, актерлер, режиссерлер, сценаристер мен редакторлар да бар.
2017 жылдың қазан айында ондаған әйел голливуд продюсері Харви Вайнштейді сексуалдық тұрғыда бопсалады және зорлады деген айыптар таққан еді. Ол әйелдердің қатарында Кара Делевинь, Леа Сейду мен Анджелина Джоли бар.