Голливудта жұмыс істейтін әйелдердің 94 пайызы зорлық құрбаны болған - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Голливудта жұмыс істейтін әйелдердің 94 пайызы зорлық құрбаны болған - БАҚ © Mario Anzuoni / Reuters

Голливудта қанша әйелдің зорлаушылардың құрбаны болғаны анықталды, - деп жазады Lenta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Голливудта қанша әйелдің зорлаушылардың құрбаны болғаны анықталды, - деп жазады Lenta.ru.

Америкалық USA Today газеті жүргізген сауалнаманың нәтижелеріне қарағанда, киноиндустрия саласында жұмыс істейтін әйелдердің 94 пайызы алымсақтықтың құрбаны болған. Ал тағы бір бөлігі зорлықшылардың құрбаны болған екен.

Сондай-ақ, зерттеудегі мәліметтерге қарағанда, сауалнамаға жауап берген әйелдердің 21 пайызы оларды жыныстық қатынасқа мәжбүрлегендерін айтады. 

Айта кетейік, зерттеуге ойын-сауық индустриясында түрлі салаларда жұмыс істейтін 843 әйел қатысты. Онда продюсерлер, актерлер, режиссерлер, сценаристер мен редакторлар да бар.

2017 жылдың қазан айында ондаған әйел голливуд продюсері Харви Вайнштейді сексуалдық тұрғыда бопсалады және зорлады деген айыптар таққан еді. Ол әйелдердің қатарында Кара Делевинь, Леа Сейду мен Анджелина Джоли бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети