05 сәуір 2022 09:22

"Игра в кальмара" режиссері телехикаяның жаңа маусымы қашан шығатынын айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
"Игра в кальмара" дорамасынан алынған кадр

Оңтүстіккореялық танымал "Игра в кальмара" телехикаясының режиссері әрі сценарисі Хван Дон Хек сериалдың жаңа маусымы 2024 жылдың аяғында шығуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстіккореялық танымал "Игра в кальмара" телехикаясының режиссері әрі сценарисі Хван Дон Хек сериалдың жаңа маусымы 2024 жылдың аяғында шығуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Хван Дон Хек екінші маусымға арналған сценарийдің үш парағын жазып үлгергенін айтты.

"Екінші маусым бойынша жұмыс істеуім керек. Бәрі ойдағыдай болса, 2024 жылдың аяғына дейін көрсете аламыз деп үміттенемін", - деді режиссер.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін "Игра в кальмара" сериалының сценарий авторы әрі режиссері Хван Дон Хек Лос-Анджелестегі іс-шара кезінде сериалдың екінші маусымын күтіп жүргендерге үндеу жасаған болатын. 

Айта кетейік, оңтүстіккореялық "Игра в кальмара" телехикаясы - Сеулде өмір сүре алу туралы триллер. 456 адам көп ақша ұтып алу мүмкіндігі бар балалар ойындарын ойнайды. Бірақ жеңілсе, өмірімен қош айтысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram