10 қараша 2021 10:13

"Игра в кальмара" режиссері сериалдың жалғасын күтетіндерге үндеу жасады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Игра в кальмара" сериалынан кадр "Игра в кальмара" сериалынан кадр

"Игра в кальмара" сериалының сценарий авторы әрі режиссері Хван Дон Хек Лос-Анджелестегі іс-шара кезінде сериалдың екінші маусымының шығуын күтіп жүргендерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Flow сайтына сілтеме жасап.

Ол жалғасы болатынын, бірақ қазір жұмыс тек жоспар күйінде екенін айтты.

"Сұрақ көп болды, екінші маусымды асыға күтіп жүргендер де көп. Бізге таңдау қалдырған жоқсыздар. Қазір екінші маусым туралы ойланып жатырмын. Бірақ әлі жоспар күйінде. Қашан және қалай болатынын айтуға әлі ерте", - деді Хван Дон Хек.

Режиссер бірінші маусымның басты кейіпкері Сон Ки Хун екінші маусымда оралатынын растады: "Ки Хун оралатынына уәде беремін. Ол әлем үшін бір нәрсе жасайды".

Корейлік "Игра в кальмара" драмасы қыркүйекте "Нетфликске" шығып, ең танымал сериалға айналды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети