"Игра в кальмара" Netflix рейтингінде бірінші орыннан түсіп қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Игра в кальмара" Netflix рейтингінде бірінші орыннан түсіп қалды

Жаңа оңтүстіккореялық "Зов ада" драмасы "Игра в кальмара" сериалын Netflix-те ең көп қаралған жоба сатысынан ығыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Rozetked басылымына сілтеме жасап.

"Зов ада" премьерасынан кейін 24 сағаттан кейін 80-нен аса елде сериал қаралым саны бойынша көш басына шықты. Сериал сюжеті бойынша, құбыжықтар өлетін күні мен сағаты білгілі күнәһарларды аулап, тозаққа жібереді.

Жоба "КиноПоиск" бойынша 6,4 және IMDb бойынша 6,9 рейтингін алды. Оны "Поезд в Пусан" және "Станция Сеул" жобаларымен танымал Йонг Санг Хо қойған. Сериал әрқайсы 50 минуттық алты бөлімнен тұрады.

Еске салайық, Netflix стримингтік платформасындағы оңтүстіккореялық "Игра в кальмара" сериалы YouTube желісінде танымалдығы бойынша HBO арнасының "Игра престолов" сериалын басып озған еді. Лайк немесе пікірлер саны шамамен 533 миллионға жеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети