Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Интернетте Назарбаев туралы "Жұлдыздар тоғысқанда" фильмінің трейлері шықты

23 Сәуір 2016, 10:59
0
Берік Айтжанов Нұрсұлтан Назарбаевтың ролінде.
Берік Айтжанов Нұрсұлтан Назарбаевтың ролінде.

Интернетте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы "Жұлдыздар тоғысқанда" ("Так сложились звезды") фильмінің бесінші бөлімінің трейлері шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Картина кинотеатрлардан 28 сәуірде көрсетіле бастайды.

Сюжет бойынша, ағылшын жазушысы Джереми Вильсон Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянын жазу мақсатында онымен кездесуге тырысады. Дегенмен сұхбат мемлекеттің құрылуы туралы ертегіге айналады. Журналист Нұрсұлтан Назарбаев еске алған оқиғалардың куәсі болады.

Президент туралы фильмнің бесінші бөлімін ресейлік режиссер Сергей Снежкин түсірді. Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың ролінде бесінші бөлімде Берік Айтжанов ойнайды, алдыңғы бөлімдерінде Президент болып Нұрлан Әлімжан ойнаған болатын. Тұңғыш Президенттің қыздарының ролін қазақстандық актрисалар - Қарлығаш Мұхамеджанова мен Динара Бақтыбаева сомдайды.

Сонымен қатар, картинадан Хью Фрейзер, Алтынай Нөгербек, Игорь Угольников, Сергей Гармаш, Дарья Мороз, Алексей Гуськов, Алдабек Шалбаев, Азамат Сатыбалды, Ғани Құлжанов, Еркебұлан Дайыров, Жанель Мақажанова, Ричард Кордери мен Стивен Пейсиді көруге болады. Фильмнің түсірілімі Қазақстан мен Ресейде өтті.



Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай