Интернетте танымал актер әрі режиссер Нұртас Адамбаевтың "Ауылдан қашу. Махаббат операциясы" толық метражды комедиясының трейлері жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фильм прокатқа 26 қарашада шығады.

Картина соңғы бөлімі 2013 жылы шыққан "Ауылдан қашу" сериалының жалғасы. Адамбаев бұған дейін сериал аяқталғаннан кейін көрермендердің жалғасын түсіруін сұрағанын бірнеше рет айтқан болатын.
"Ауылдан қашу. Махаббат операциясы" картинасында басты рольді сомдайтындар: Ербол (Нұртас Адамбаев), Сапог (Жан Ізбасар) және Ерлан (Ерлан Қасымжанұлы). Жігіттер бұрынғыша ақша табуды көздейді. Сондықтан да олар тезірек бай болу үшін айла ойлап табады. Картинаны түсіруге 22 күн кеткен. Фильмде Аружан Жазылбекова ("Рэкетир-2", "Үшеуге арналған үйлену тойы") және Максим Акбаров ("Қызғылт қоян туралы ертегі", "Рэкетир-2") ойнайды.
Еске сала кетейік, осыған дейін Адамбаев "Сабина келін" фильмінің түсірілім жұмыстарын аяқтағанын хабарлаған болатын.