30 шілде 2014 19:22

Жақсылық Үшкемпіров туралы фильм түсіріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақсылық Үшкемпіров. Сурет  vesti.kz сайтынан алынған Жақсылық Үшкемпіров. Сурет vesti.kz сайтынан алынған

Қазақстандық режиссер Тоқтар Қарсақбаев әйгілі палуан Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі жайлы деректі фильм түсіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жақсылық Үшкемпіров - КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, 1980 жылғы Олимпиада чемпионы және 1981 жылғы әлем чемпионы.


Қазақстандық режиссер Тоқтар Қарсақбаев әйгілі палуан Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі жайлы деректі фильм түсіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жақсылық Үшкемпіров - КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, 1980 жылғы Олимпиада чемпионы және 1981 жылғы әлем чемпионы.

Фильм палуанның жеке мұрағатынан, деректі материалдардан тұрады. "Фильм оның қандай адам болғаны жайлы сыр шертеді. Біз Жақсылық Үшкемпіровпен осыдан бір жыл бұрын таныстық. Мен осы уақытқа дейін ол жайлы бірде-бір кино түсірілмегенін білдім. Ал ол - Олимпиада чемпионы болған алғашқы қазақ баласы. Соған қарамастан ол өте қарапайым. Ол бұл атақты өз еңбегінің арқасында, үздіксіз жаттығулардың арқасында жеңіп алды. Ол нағыз еңбекқор, биоробот деп айтуға болады" дейді Тоқтар Қарсақбаев.

Сондай-ақ режиссер автобиографиялық лентаның ұлы спортшыны жастарға үлгі етуге негізделгенін атап өтті. "Тек спортшы жастар ғана емес, бүкіл жастар оны үлгі тұтса деймін. Алла пендеге қолдан келмейтін нәрсені жүктемейді, тек берілмей қажырлы еңбек ету қажет. Алға мақсат қойып, соған жете білу керек. Ол да көптеген қиындықтарға тап болған. 20 жасынан бастап спортпен шұғылданып, тынымсыз еңбектің арқасында 29 жасында Олимпиада чемпионы болды" деп Қарсақбаев өз ойымен бөлісті.

Түсірілім Қазақстанның барлық аймағында жүреді. Бірнеше кадр Үшкемпіров Олимпиада алтынын жеңіп алған Мәскеуде түсірілетін болады. Фильмнің премьерасы жыл соңында отандық телеарналардың бірінде көрсетіледі деп жоспарланып отырған көрінеді.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети