28 сәуір 2019 10:26

Жаңа "Кек алушылар" әлем бойынша рекорд орнатты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Кек алушылар: Финал" фильмі прокаттың алғашқы күндері бүкіл әлем бойынша 644 миллион долларға жуық қаражат жинап, рекорд орнатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNN сайтына сілтеме жасап.


"Кек алушылар: Финал" фильмі прокаттың алғашқы күндері бүкіл әлем бойынша 644 миллион долларға жуық қаражат жинап, рекорд орнатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNN сайтына сілтеме жасап.

Блокбастердің төртінші бөлімі "Кек алушылар: Шексіз соғыс" фильмімен орнатылған рекордты жаңартты, ол бүкіл әлем бойынша 641 миллион доллар жинаған еді. Ал "Кек алушылар: Финалдың" әлі премьералық уақыты аяқталмады.

Disney компаниясының хабарлауынша, АҚШ-тағы алғашқы демалыс күндері жаңа "Кек алушылар" 310-340 миллион доллар жинап, тағы рекорд орнатады. Қазіргі уақытта осы көрсеткіш бойынша ең үздік нәтиже 258 миллион долларды көрсеткен осы киносагаға тиесілі. 

Әлемдік прокатқа жаңа "Кек алушылар" 24 сәуірде шықты. Қазақстандық көрермендер оны 29 сәуірден бастап тамашалай алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети