Ғаламторда Сәбина есімді келін жайында түсірілген фильмнің ресми трейлері көрсетілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне осы фильмде басты рөлді сомдаған, әрі фильм режиссері Нұртас Адамбаев мәлімдеді.

Ол фильмде ауылға еркінен тыс алып қашып кеткен Қазақстандағы ең танымал келін Сәбина Қарсыбаеваның басынан өткен оқиғалар баяндалады. "Фильм премьерасы 27 қарашаға жоспарланып отыр. Сәбина туралы жалпы алғанда әрі жеңіл, әрі жағымды, әрі күлкілі отбасылық комедия болып шықты. Ол фильмде біз басты рөлдегі кейіпкердің тығырықтан қалай шықпақ болғанын көрсетуге тырыстық. Сол арқылы біз еліміздегі барша келіндердің басында бар мәселелерді көрсетуді алдымызға мақсат етіп қойдық. Менім ойымша бұл фильм осы жылдың ең сәтті жобасы болады", - деді актер Нұртас Адамбаев.
Атап өтейік, фильм Алматы облысы аумағындағы ауылдардың бірінде шілденің басында түсіріліп бітті. Ондағы басты рөлді Нұртас Адамбаевтың өзі сомдады. Оған есімі елге танымал актерлармен қатар, кино саласына енді ғана аяқ басқан актерлар да түсті.