29 қараша 2020 14:32

"Жұлдыздар соғысы" фильмінде Дарт Вейдерді ойнаған актер қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жұлдыздар соғысы" фильмінен кадр "Жұлдыздар соғысы" фильмінен кадр

"Жұлдыздар соғысы" трилогиясындағы Дарт Вейдердің ролін ойнаған танымал британиялық актер Дэвид Проуз 85 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Daily Mail жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Жұлдыздар соғысы" трилогиясындағы Дарт Вейдердің ролін ойнаған танымал британиялық актер Дэвид Проуз 85 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Daily Mail жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз бен бүкіл әлемдегі миллиондаған жанкүйер үшін өкінішпен, қайғымен Дэвид Проуздың 85 жасында қайтыс болғанын хабарлаймыз", - деді актер Томас Боуингтон.

Дэвид Проуз жас кезінде бодибилдер және ауыр атлет болған. Физикалық дайындығы мықты актер 1977 жылдан 1983 жылға дейін шыққан классикалық "Жұлдыздар соғысында" зұлымның ролін ойнаған. 

Түсірілім кезінде Проуз өз кейіпкерінің диалогтарын айтып шыққан, бірақ кейіннен оның дауысы басқа актердің даусына өзгертілді. 

Ұлыбританияда Дэвид Проуз Жасыл Кірес Кодексі адамының суперқаһарманы ролімен де танымал. Проуздың актерлік карьерасы 50 жылға созылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети