Ғарыш операсы жанрындағы фантастикалық "Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы" атты фильмінің қазақ тіліндегі дубляжының трейлері таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ғарыш операсы жанрындағы фантастикалық "Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы" атты фильмінің қазақ тіліндегі дубляжының трейлері таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Фантастикалық фильм "Жұлдызды соғыстар. VI эпизод: Джедайдың оралуы" фильмінің сиквелі болып табылады. Фильмнің әлемдік тұсаукесері 2015 жылдың 18 желтоқсанына белгіленген. Сюжет бойынша, Дарт Вейдер мен галактика Императорының өлімінен кейін 30 жыл өтсе де галактикаға қауіп төніп тұрады. Сноук пен оның оң қолы Кайло Реннің құпия жоғары көшбасшылығымен Жаңа Тәртіп мемлекеттік құрылымы Империяның ізімен жүріп, бүкіл билікті жаулап алуға тырысады. Осындай қиын кезеңде тағдыр жас қыз Рей мен Жаңа Тәртіптің бұрынғы шабуылшысы Финді Империямен соғыс замандарындағы батырлармен жолықтырады - Хан Соломен, Чубаккамен және Лея патшайыммен. Олар барлығы бірігіп Жаңа Тәртіпке тойтарыс берулері керек болады.
Режиссер Тимур Балымбетов үшін "Жұлдызды соғыстар" фильмін қазақ тіліне дубляждау "Галактика қорғаушылары" мен "Кек алушылардан" кейінгі үшінші жоба болды. Режиссердің айтуынша, оның командасы барлық жобада түпнұсқадағы тілден аударма жасайды, сонымен қатар, кейбір диалогтарды, қалжыңдарды, мысқылдарды ұлттық колоритке келтіреді.
"Жұлдызды соғыстардың" ондаған жылдар өтсе де аудиториясын сақтап тұруы таңғалдырады, бүкіл әлемде оның жанкүйерлері жетерлік. Мен үшін жобаның бір бөлшегі болып, оған қол жеткізе алу үлкен қуаныш. Ал оның қазақ тілінде шығатыны - адам сенгісіз бақыт", - деді режиссер.
Рольдерді дубляждауға республикалық театрлардың актерлері қатысты - Шахмұрат Ордабаев (Фин), Сәуле Тұрдахунова (Рэй), Жасұлан Байсалбеков (Кайло Рэн), Бекболат Құрманғожаев (Хан).
Дубляж Ordabasygroup және "Оңтүстік орталық" ЖШС-ның, "Болашақ" ассоциациясының, Алматы әкімдігінің, "Нұр Отан" партиясының және MARWIN компаниясының қолдауымен жүзеге асты.