22 желтоқсан 2015 17:45

"Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы" фильмі прокатта рекорд жаңартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

"Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы" фильмінің прокаты рекорд жаңартты, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.


"Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы" фильмінің прокаты рекорд жаңартты, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Желтоқсанның 16-сы күні прокатқа шыққан фильм осы уақытқа дейін 250 миллион доллар жинады. Фильмнің жетінші бөлімі кассалық түсімі бойынша тіпті "Ежелгі дәуір саябағы" орнатқан рекордтан асып түскен. Қазақстандық көрерменге бұл фильм алғаш рет қазақ тілінде ұсынылған еді.

Айта кетейік, фантастикалық фильм "Жұлдызды соғыстар. VI эпизод: Джедайдың оралуы" фильмінің сиквелі болып табылады. Сюжет бойынша, Дарт Вейдер мен галактика Императорының өлімінен кейін 30 жыл өтсе де галактикаға қауіп төніп тұрады. Сноук пен оның оң қолы Кайло Реннің құпия жоғары көшбасшылығымен Жаңа Тәртіп мемлекеттік құрылымы Империяның ізімен жүріп, бүкіл билікті жаулап алуға тырысады. Осындай қиын кезеңде тағдыр жас қыз Рей мен Жаңа Тәртіптің бұрынғы шабуылшысы Финді Империямен соғыс замандарындағы батырлармен жолықтырады - Хан Соломен, Чубаккамен және Лея патшайыммен. Олар барлығы бірігіп Жаңа Тәртіпке тойтарыс берулері керек болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети