11 тамыз 2016 14:59

"Камызяки" КТК командасының мүшелері Алматыға жаңа комедия түсіру үшін келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ренат Мухамбаев және Александр Панекин. Ренат Мухамбаев және Александр Панекин.

"Камызяки" КТК командасының мүшелері Алматыға жаңа "Три лимона" комедиясын түсіруге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Камызяки" КТК командасының мүшелері Алматыға жаңа "Три лимона" комедиясын түсіруге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Авантюралық комедияға Александр Панекин, Ренат Мухамбаев және Денис Дорохов сияқты әзілкештер қатысады. Олар кішігірім қойылымдарды ойнайды және киллерлерді өлтіру туралы экшн-қойылымда өнер көрсетеді екен.

Түсірілім тамыз айының басында Алматыда басталған. Фильмнің режиссері қырғызстандық Нұрлан Мамакеев, ал продюсері Айдай Джамбоева.

Картинада қарапайым такси қызметкерінің өмірі туралы баяндалады. Жәнібек белгілі қазақстандық тележүргізушіге ғашық және бір күні қыздың жүрегін жаулап алуды армандайды. Күндердің күні оның көлігіне ішінде үш миллион доллары бар сөмке түседі. Осыдан кейін оның өмірі күрт өзгеріп шыға келеді және табысты кәсіпкерге айналады. Барлығы да ол ойлағандай оңай болмайды, себебі оны осы қаражаттың иесі іздеп жүреді.

Басты рольдерде: Дәстен Шәкіров, Динара Бақтыбаева, Димаш Ақымов, Фархад Әбдрайымов, Төлепберген Байсақалов, "Азия-Mix" КТК командасының мүшесі Марат Жұманәлиев. Сондай-ақ рольдердің бірін "таксист Русик" есімімен белгілі Руслан Висингериев те ойнайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети