Канн қаласында 70-ші Канн кинофестивалі өз мәресіне жетті. "Алтын пальма бұтағы" жүлдесін швед режиссері Рубен Эстлунд "Квадрат" картинасымен жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі кинофестивальдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Гран-При сексуалдық азшылықтың Парижде 1990-жылдардың басында АИТВ-мен күрес туралы "120 ударов в минуту" картинасын түсірген француз Робен Кампийо алды. Ал "Роковое искушение" фильмін түсірген София Коппола үздік режиссер атанды.
Үздік сценарий жүлдесі "Убийство Священного оленя" фильмін түсірген грек Йоргос Лантимосқа және "Ты никогда здесь не был" картинасының авторы шотланд Линн Рэмсиге бұйырды.
Қазылар алқасының жүлдесін "Нелюбовь" картинасын түсірген режиссер Андрей Звягинцев алды.
Андрей Звягинцев. REUTERS/Jean-Paul Pelissier©
Үздік әйел рөлі атағына Фатих Акиннің "Из ниоткуда" фильмінде түскен Диана Крюгер алды.
Диана Крюгер. REUTERS/Regis Duvignau©
Канн кинофестивалінің қазылар алқасының шешімі бойынша үздік актер Хоакин Феникс болды. Ол "Ты никогда здесь не был" фильмінде детективтің рөлінде ойнады.
Хоакин Феникс. REUTERS/Jean-Paul Pelissier©