09 сәуір 2015 12:16

"Қарағандыда жоғалғандар" фильміне California Film Awards мүсіншесі табыс етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© filmfreeway.com © filmfreeway.com

"Қарағандыда жоғалғандар" қазақстан-испандық фильмі California Film Awards мүсіншесімен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл мүсіншені Nexos қауымдастығының президенті Энрике Гаспар ҚР Испаниядағы елшісі Бақыт Дүйсенбаевқа табыс етті.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Елшісі "Қарағандыда жоғалғандар" қазақстан-испандық фильмінің түсірілуіне және жарық көруіне ат салысқан барлық қатысушылар мен осы тақырыпқа назар аударған БАҚ өкілдеріне алғыс айтты.

"Біздің бірлескен еңбегіміз назардан тыс қалған жоқ, "Қарағандыда жоғалғандар" фильмі 2014 жылдың ең үздік деректі фильмі номинациясында жеңіп, California Film Awards гауһар марапатына ие болды, сондай-ақ Джакартадағы (Индонезия) кинофестивальде ең үздік еуропалық деректі фильм атанды", - деді Дүйсенбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети