26 қаңтар 2021 12:59

"Қасым хан" сериалының түсірілімінде 30 миллион теңгеге жуық қаражат ұрланған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

"Қасым хан" көпсериялы тарихи телехикая түсіру кезінде 30 миллион теңгеге жуық ақша ұрланған. Алматы бойынша ЭТД "Қазақфильм" АҚ-тың "Қасым хан" киножобасы" филиалының директоры К.С. Ахметовке және басқа тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тергеу барысында қызметтік жағдайын пайдалана отырып, "Қасым хан" тарихи сериалының түсірілімінде қолдану үшін пиротехника сатып алуға бөлінген 29,9 миллион теңге сомасындағы бюджет қаражатының ұрланғаны дәлелденді. "Қазақфильм" АҚ-қа келтірілген залал сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде толық көлемде өтелді", - делінген хабарламада.

Сот айыпталушыларды ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, "Қасым хан" киножобасының" бұрынғы директорын екі жылға бас бостандығынан айыру, ал іске қатысы бар екі қызметкерге үш жылға дейінгі мерзімде бостандығын шектеу, 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды.

Айта кетейік, қазақтың әйгілі билеушілерінің бірі - Қасым ханның өмірі туралы баяндайтын көпсериялы тарихи киножобаны мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша "Қазақфильм" киностудиясы түсіріп жатыр.

2019 жылдың жазында Алматы облысының көркем жерлерінде басталған түсірілім жұмыстары әлі аяқталған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети