30 қаңтар 2019 17:19

Қасым хан туралы сериалға кастинг қашан және қай жерде өтеді?

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© фото pixabay.com,e-history.kz © фото pixabay.com,e-history.kz

"Қазақфильм" өкілдері "Қасым хан" тарихи жобасына қатысу үшін республикалық кастинг жарияланғанын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі киностудияға сілтеме жасап.


"Қазақфильм" өкілдері "Қасым хан" тарихи жобасына қатысу үшін республикалық кастинг жарияланғанын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі киностудияға сілтеме жасап.

Алматыда актерлерді іріктеу 25 қаңтарда басталды. Кастинг 10.00 мен 22.00 уақыт аралығында өтеді. Мекенжайы: әл-Фараби, 176, "Қазақфильм" киностудиясы, "ПЛК" ғимараты, екінші қабат, 252 кабинет. Ұйымдастырушылар кастингке қатысу тегін екенін айтты.

Олардың сөзінше, іріктеуге күніне 300 адамдай келеді, электронды поштаға 4000 өтінім келген."Биылғы ақпан айының екінші жартысында (шамамен 15 мен 28 ақпан аралығы) кастинг басқа қалаларда өтеді. Қазіргі уақытта 21 қала анықталды: Астана, Көкшетау, Петропавл, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Жезказған, Теміртау, Өскемен, Семей, Қостанай, Аркалық, Павлодар, Екібастұз, Атырау, Ақтау, Қызылорда, Түркістан, Талдықорған", - деді ұйымдастырушылар. 

Толық мәліметті "Қазақфильм" сайтында немесе киностудияның әлеуметтік желілердегі парақшаларында (Instagram, Facebooк, "ВКонтакте" және "Телеграм") көруге болады. Басты және қосалқы рөлдерде ойнауға барлығы шақырылады (ерлер, әйелдер, балалар), олар 3-80 жас аралығында. Талап - қазақ тілінде еркін сөйлеу. "Қазақфильм" кастингтен өтуге бойы 180 сантиметрден кем емес ерлердің мүмкіндігі көп екені айтылады. Әйелдерге негізгі талаптар: макияжсыз және татуажсыз келу.

kazakhfilmcast@gmail.com поштасына суреттер (әртүрлі ракурстан түсірілген, көзілдіріксіз, бас киімсіз және фильтр қолданылмаған болуы керек) мен өзі туралы қысқа анықтама жіберуге болады (аты-жөні, бойы, салмағы, тәжірибесі).

Анықтама телеофондары: 8 775 185 1082, 8 (727) 302 12 81. Қазіргі уақытта кеңауқымды "В потоках истории: Обретая вечность. Касым хан" сериалына түсірілім дайындығы жүріп жатыр. Жобаның режиссері - Метин Гюнай. Ол "Воскресший Эртугрул" сериалын түсірген. Сериалда Қасым ханның өмірі мен ел басқарған жылдары көрсетілмек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети