"Қазақ хандығының" түсірілім жұмыстары ресми түрде басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақ хандығының" түсірілім жұмыстары ресми түрде басталды © Akorda.kz

Рүстем Әбдірашевтың "Қазақ хандығы" ("Қазақ елі") көпсериялы тарихи телевизиялық жобасының түсірілім жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі кинолентаның продюсері Арман Әсеновке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рүстем Әбдірашевтың "Қазақ хандығы" ("Қазақ елі") көпсериялы тарихи телевизиялық жобасының түсірілім жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі кинолентаның продюсері Арман Әсеновке сілтеме жасап.

7 қыркүйекте Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының аумағында түсірілім жұмыстары ресми түрде басталды. Әсеновтің айтуынша, құрама түсірілімдер шілдеде басталып кеткен. "Дайындық кезеңінде де түсірілім жұмыстарын жүргіздік. Оған дейін актерлерді дайындау жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар топ қоныстағы түсірілім жұмыстарын жүргізді. Қазір актерлерді түсіру басталды", - деді продюсер.

Топ киіз үйлердегі түсірілім жұмыстарын аяқтағаннан кейін олар Жаркентке аттанады. Ол жерде сыртқы түсірілімдер жүргізіледі. Көп сериялы "Қазақ хандығы" фильмі Жәнібек пен Керей және олардың ұлдары Қасым мен Бұрындық кезеңіндегі қазақтардың өмірі жайлы болмақ.

Сонымен қатар, актерлік құрам да анықталды. Картинаға Еркебұлан Дайыров (Жәнібек), Қайрат Кемалов (Керей), Аян Өтепбергенов (Бұрындық), Досхан Жолжақсынов, Димаш Ахимов, Жанар Сахат (Әбілқайырдың әйелі), Шұғыла Сапарғалиқызы (Керейдің әйелі), Мадина Исманова (Жәнібектің әйелі) түседі. Фильмге қазақстандық әртістермен қатар Хакасия, Тува, Өзбекстан елінің актерлері де қатысады. Трюктерге белгілі каскадер Жайдарбек Күнғожиновтің командасы жауап береді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети