05 ақпан 2015 | 10:11

Қазақ мультипликациясының атасы Әмен Хайдар өмірден өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әмен Хайдар. ©np.kz Әмен Хайдар. ©np.kz

Қазақ мультипликациясының негізін қалаушы талантты кинорежиссер, суретші Әмен Хайдар 92 жасқа қараған шағында қайтыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақ мультипликациясының негізін қалаушы талантты кинорежиссер, суретші Әмен Хайдар 92 жасқа қараған шағында қайтыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Әмен Хайдар кеше, 4 ақпан күні кешкісін өмірден өтті", - деп хабарлады киностудияның баспасөз қызметінің өкілдері. 

Суретші, кинорежиссер, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері Әмен Әбжанұлы Хайдар 1923 жылы 3 маусымда қазіргі Қарағанды облысы Нұра ауданы Жіңішке ауылында туған. Ол Гоголь атындағы Алматы көркем сурет училищесін (1950), Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының мультипликация қоюшы-суретшілер бөлімшесін (Мәскеу 1965), Сценаристер мен режиссерлердің жоғары курстарын (1966) бітірген.

Атақты өнер қайраткерінің "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?" (суретші-қоюшы, 1967), "Ақсақ құлан" (1968), "40 өтірік", "Қожа Насыр - құрылысшы" (1971), "Күн сәулесі" (1975), "Лаула" (сценарий авторы, 1981), "Сиқырлы кілем" (1981), "Құйыршық"(1969), "Тағдыр" және басқа да көптеген мультфильмі қазақ мультипликациясы тарихындағы кесек туындыларға айналды.

Ұлттық анимацияның алғашқы қарлығашы болған "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?" мультфильмі Бүкілодақтық кинофестивальде (Ленинград, 1968), Халықаралық анимациялық фильмдер кинофестивалінде (Нью-Йорк, 1975) жүлделерге ие болды. Бұл туынды әлемнің 48 елінде көрсетілді. Талантты график әрі карикатурашы - 40-қа жуық саяси плакаттың және түрлі тақырыптағы картиналардың да авторы.

Әмен Хайдар - Ұлы Отан соғысына қатысушы. Оңтүстік-Батыс, Дон, Сталинград, Бірінші украин майдандарында радист, байланысшы болған. "Отан соғысы" (1985), "Құрмет белгісі" (1971), "Парасат" (2002) ордендерімен, "Сталинградты қорғағаны үшін" (1943), К.Жуков атындағы (2004), "Украинаны қорғағаны үшін (2005) және басқа медальдармен марапатталған. 

Ол 1951 жылдан  бастап "Қазақстан әйелдері" республикалық журналының көркемдік редакторы, "Ара" журналының қызметкері болды. 1966 жылдан бастап "Қазақфильм" киностудиясының мультипликация цехының негізін салып, басқарды. 1975 жылдан бастап Қазақ КСР Кинематографистер одағыгының хатшысы болды. 1970 жылы мультбірлестіктің көркемдік жетекшісі болып тағайындалды, Халықаралық мультипликаторлар қауымдастығының (АСИФА) мүшесі ретінде ол 1976 жылы Алматыда әлем киносы тарихында тұңғыш рет Азия, Африка, Латын Америкасы елдері мультипликаторларының халықаралық симпозиумын ұйымдастырды. 1983-1991жылдары Қазақстан Суретшілер одағының басқарма төрағасы болды.

1993 жылдан бері қазіргі Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында анимация бойынша сабақ берді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети