30 қаңтар 2015 13:17

"Қазақфильм" киностудиясына жаңа басшы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақыт Қайырбеков. Фото e-event.kz сайтынан алынды Бақыт Қайырбеков. Фото e-event.kz сайтынан алынды

"Қазақфильм" киностудиясының жаңа президенті тағайындалды. Ол - Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, ақын, сценарийші, кинорежиссер, қазақ әдебиетінің атақты аудармашысы Бақыт Қайырбеков, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазақфильм" киностудиясының жаңа президенті тағайындалды. Ол - Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, ақын, сценарийші, кинорежиссер, қазақ әдебиетінің атақты аудармашысы Бақыт Қайырбеков, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақфильмнің" жаңа басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде "Қазақстан Республикасының мәдени саясатындағы ең өзекті міндеттер" деген тақырыпта өткен брифинг барысында таныстырылды. Бақыт Қайырбеков журналистерге қазір Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы 10 сериялық көркем және деректі фильм түсіріліміне дайындық жұмыстары жүріп жатқаны туралы айтты. 

"Ол (фильм - Автор.) - біреу, тек 10 бөлімнен тұрады. Біздің тұңғыш рет тек албырт қана Әбілқайыр немесе Абылай мынандай болған демей, көшпелі өмірдің ерекшелігі туралы кеңінен айтып, біздің көшбасшылардың көрші мемлекеттерде болып жатқан жағдайларға байланысты қарсы тұра алған саясатының рөлі қандай болды және осы негізде Қазақ хандығы қалай құрылғаны туралы көрсетуге мүмкіндігіміз бар. Біз бұл мемлекетті құруға не себеп болғаны туралы айтқымыз келеді", - деді "Қазақфильм" президенті.

Айта кетейік, Бақыт Қайырбеков - Мәскеудегі Максим Горький атындағы Әдебиет инcтитуты мен КСРО-дағы Госкино атындағы сценарийшілер мен режиссерлардың жоғары курстарының түлегі. Ол өсіп келе жатқан ұрпаққа арналған бірнеше өлең жинақ пен кітаптың авторы: "Көшпенділер әлемі. Қазақша этикет" және "Қазақ тілінің қызықты этимологиясы". Бұған дейін "Білім және Мәдениет" телеарнасын басқарған. Махамбет Өтемісов сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері, "Бірге жеңдік" ІІІ халықаралық телекинофестивалінде "316-ая стрелковая" кинолентасымен гран-приді иеленді.

Еске сала кетейік, Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының бұрынғы президенті Ермек Аманшаев 2014 жылы желтоқсанда Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол студияны 2008 жылдан бастап басқарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети