"Қазақфильм" киностудиясының 50 фильмі өзінің мерейтойын атап өтеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Қыз-жігіт" көркем фильмінің кадры. Режиссері Павел Боголюбов 1955. ©РИА Новости "Қыз-жігіт" көркем фильмінің кадры. Режиссері Павел Боголюбов 1955. ©РИА Новости

2015 жылы "Қазақфильм" киностудиясының 50-ге жуық фильмі өзінің мерейтойын атап өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2015 жылы "Қазақфильм" киностудиясының 50-ге жуық фильмі өзінің мерейтойын атап өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романының желісімен түсірілген "Абай әні" көркем фильмінің экранға шыққанына 70 жыл толады. Картинаның режиссерлері - Григорий Рошаль мен Ефим Арон. Сондай-ақ үш фильм 60 жылдығын атап өтеді: Павел Боголюбовтың "Қыз-жігіт" музыкалық комедиясы, Сұлтанахмет Қожықовтың "Анасы мен баласы" режиссерлық дебюті және Мәжит Бегалиннің "Бұл Шұғылада болған еді" картинасы.

Шәкен Аймановтың "Бір ауданда" көркем фильмі 55 жылдығын атап өтеді. "Қазақфильмге" есімі берілген атақты кинорежиссердің "Атаманның ақыры" картинасына 45 жыл толды. Сонымен қатар, режиссер Сұлтанахмет Қожықовтың "Қыз Жібек" кинолентасы 45 жылдығын атап өтеді. Шәріп Бейсембаевтың "Гауһартас" көркем картинасына биыл - 40 жыл, театр мен киноның атақты режиссері Әзірбайжан Мәмбетовтің "Қуғыншылар" лентасына - 35 жыл, Болат Шамшиевтің "Мергендер" әскери драммасына 30 жыл толады.

Сонымен қатар өзінің алғашқы бес жылдық мерейтойын "Қазақфильмнің" мына картиналары атап өтеді: "Сіз кімсіз, Ка мырза?" (режиссері Қуат Ахметов), "Жұлқыныс" (Қанағат Мұстафин), "Махаббат тәлкегі" (Александр Черняев пен Ержан Рүстембеков) және  "Қызғылт қоян туралы ертегі" (Фархат Шәріпов) жастардың драмасы. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro