"Қазақша тонау" фильмінің саундтрегін Ғалымжан Молданазар орындайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Түсірілім барысында Түсірілім барысында

Биыл 6 қарашада прокатқа шығатын "Қазақша тонау" фильмінің саундтрегін Ғалымжан Молданазар орындайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Кинода оның "Берік бол" деп аталатын композициясы және Wazabi тобының орындауындағы әндер шырқалады. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Биыл 6 қарашада прокатқа шығатын "Қазақша тонау" фильмінің саундтрегін Ғалымжан Молданазар орындайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Кинода оның "Берік бол" деп аталатын композициясы және Wazabi тобының орындауындағы әндер шырқалады. 

Картинаның түсірілімі Алматыда 2013 жылдың күзінде басталған болатын. "Қазақша тонау" фильмінің сюжеті бойынша, бас кейіпкер банктердің бірінде жұмыс істейтін "кеңсе планктонының" классикалық өкілі. Ол бұдан да үлкен жетістікке жетуді армандайды, осындай арманының жетегінде жүріп ол бір күні достарымен бірге банк тонады деп айыпталып, жемқор полицейлердің қолына түседі. 

"Қазақша тонау" картинасында Ерік Жолжақсынов, Байкенже Белбаев секілді тәжірибелі актерлермен қоса Жандос Айбасов, Аружан Жазылбекова сынды жас актерлер де ойнайды. Кино өндірісімен Moviq тәуелсіз кинокомпаниясының негізін қалаушы кинематографистер Андрей Распутин мен Кирилл Рощин айналысты. Қоюшы-суретшісі Ресейдің көптеген жобаларын жасауға атсалысқан, Тимур Бекмамбетовпен бірге жұмыс істеген – Мұхтар Мырзакеев.

"Қазақша тонау" картинасы продюсерлерінің бірі Болат Өтемұратовтың ұлы Алидар Өтемұратов.  Ол кинематографияға жаңадан келді. Осы түсірілім үшін Алидар  Green apple инвестициялық компаниясындағы қызметін де уақытша қоя тұрды. "Бұл біздің кино саласындағы – алғашқы жобамыз. Осы жоба арқылы біз өзімізді танытып, киноөндірісінде ұзақ уақыт жұмыс істегіміз келеді. Бұл кино мен үшін бизнес-жобаға айналды, шығармашылық топпен жұмыс істеуден мен өте керемет ләззат алдым", - дейді Өтемұратов.

Біз осы фильмді жасаушылар ретінде өзімізге өте жоғары талап қойдық. Сондықтан біз үшін кадрдан тыс команданың жұмысы маңыздырақ. Өйткені нәтиже осы кісілердің жұмысына байланысты болмақ. Біздің "ең үздіктерді" тарту стратегиямыз жақсы жүзеге асты. Түсіру барысында біздің фильміміздің бюджеті 10 миллион доллар екен деген сыбыс шықты. Алайда фильмді түсіруге және жарнамаға 2 миллион доллар ғана жұмсадық", - дейді "Қазақша тонаус" фильмінің продюсері Андрей Распутин.   

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro