Қазақстандық кинотеатрлардың бір бөлігі жалға берілетін фильмдер болмауына байланысты жабылуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Кинотеатрлар иелері қауымдастығының президенті Мунира Ягудина мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық кинотеатрлардың бір бөлігі жалға берілетін фильмдер болмауына байланысты жабылуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Кинотеатрлар иелері қауымдастығының президенті Мунира Ягудина мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, елімізде жалпы 70-ке жуық кинотеатр жұмыс істейді, олардың 32-сі қауымдастыққа кіреді. Бірлестікте кинотеатрларды жабу мәселесі талқыланды. Бұл бастаманың себебі Голливуд және отандық кино премьераларының кейінге қалуы болды.
"Голливудтың көптеген студиясы осы қыс-көктемге жоспарланған фильм премьераларын жалғасып жатқан пандемияға байланысты 2021 жылдың күзіне шегерді. Сондықтан, қазіргі уақытта жақын арада көрсететін ештеңе болмайтын жағдай қалыптасып жатыр. Себебі қазақстандық продюсерлер де өз картиналарының премьераларын кейінге шегеріп тастады", - деп атап өтті ол.
Ягудина прокатта негізінен Ресейден келген фильмдер қалатынын, алайда қазақстандықтар тарапынан оларға деген сұраныс бұрынғыдай зор емес екенін айтты.
"Біздің ресейлік көршілеріміз кино түсіріп, оны көрсетуге қуана-қуана келісіп отыр. Бірақ, амал не, біздің қазақстандық көрермен ресейлік киноны көруге аса құлшынысы жоқ. Ресейлік әріптестер бізге өз фильмдерін жалға беруге қуана келісіп отыр. Бірақ ресейлік кино бұрынғыдай танымал емес", - деді қауымдастық президенті.
Ол қазіргі уақытта 16 қазақстандық картина прокатқа шығаруға дайын екенін мәлімдеді.
"Қазақстандық фильмдер көрерменнің зор сұранысқа ие. Сөреде жатқан фильм көп, бірақ продюсерлер оны көрсеткісі жоқ. Бұған дейін кинотеатрлар ашылғаннан кейін қазақстандық үш фильмді көрсеттік. Олар прокатта жақсы өтті және жақсы касса жинай білді. Бірақ қазір осындай жағымсыз жағдай қалыптасып отыр", - деді Мунира Ягудина.
Қауымдастық басшысының айтуынша, қазіргі уақытта кинотеатрларды 1 ақпаннан бастап үш айлық мерзімге жабу мәселесі талқыланып жатыр.
"Бұрын Голливуд киносы қазақстандық киноға үлкен касса жинауға мүмкіндік бермейді деген әңгімелер жиі болатын. Қазір голливудтық кино жоқ, ал біздікілер өз киносын прокатқа шығарғысы келмейді. Әрине, егер толымдылық шегі 50 пайызға дейін ұлғайып, қазақстандық продюсерлер бізге кино беретін болса, бұл әңгіме болмас та еді. Барлық кинотеатрлар жабылған пандемия кезде бізден ешкім жалдау ақысын сұрамады. Бірақ қазір біз жұмыс форматы өзгергенімен, ашылдық. Алайда, біз жалақы, коммуналдық қызмет, жалдау бойынша міндеттемелерімізді орындауымыз керек. Егер фильмдер болмаса, онда төлейтін ештеңе болмайды", - деп қорытындылады Ягудина.
Мамыр айының басына Голливудтың кей фильмдерінің премьералары жоспарланған. Кинотеатр иелері осы уақытқа дейін жұмысты қайта бастауға болатын жеткілікті контент жиналады деп үміттенеді.
Айта кетейік, Қазақстан кинотеатрлары 2020 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істемеді. Олар тек 2020 жылдың қазан айының соңында ашыла бастаған еді. Осы уақыт ішінде мәдениет және спорт министрінің мәліметінше, кинотеатр иелері 20 миллиард теңгеге дейін шығынға батқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!