ПОДЕЛИТЬСЯ
06 ақпан 2021 | 15:10
Қазақстанда "18 килогерц" фильмі прокатқа шығады
Қазақстандық режиссер Фархат Шәріповтың "18 килогерц" фильмі отандық кинопрокатқа шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық режиссер Фархат Шәріповтың "18 килогерц" фильмі отандық кинопрокатқа шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандықтар кинокартинаны эпиджағдай тұрақты болса, 18 ақпанда көре алады. "18 килогерц" фильмінің әлемдік тұсаукесері Варшавада халықаралық кинофестивальде өткен, онда туынды сенсациялық түрде бас жүлдені жеңген еді. Кейін фильм Котбуста (Германия) өткен 30-шы Халықаралық кинофестивальде үздік атанды.
Зара Есенаманның "Хардкор" кітабы бойынша түсірілген картинада 90-жылдардың соңындағы жасөспірімдердің өмірі баяндалады.
"18 килогерц - ересектер естімейтін дыбыс жиілігі. Фильм жасөспірімдердің проблемаларына арналған. Өсе келе жыл сайын жастардың проблемасын түсіну күрделенеді, ол өзіміз жасөспірім кезімізде де шешілмейтін көрінетін. Жол табылмайтындай болғанда сезілетін қорқыныш күшін еске түсіру қиын. Бұл фильм арқылы мұның бәрін еске салғым келді", - деді Шәріпов.
Фильм түсірілімі Алматыда өтті. Басты рольдерді үлкен кинода алғаш рет дебют жасаған жас актерлер сомдады, олар: Мұсахан Жұмахан, Әлібек Әдікен, Камила Фун-Со. Композиторы Илья Одегов.
Одан бөлек, "18 килогерц" фильмі Азиядағы ең ірі кинофестивальде - Пусан халықаралық кинофестивалінің "Азия киносына терезе" атты конкурстық бағдарламасында көрсетілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также