13 желтоқсан 2020 14:45

Қазақстандық "18 килогерц" фильмі Германия фестивалінде үздік атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық режиссер Фархат Шәріповтың "18 килогерц" картинасының қоржыны тағы бір жүлдеге толықты. Фильм Котбуста (Германия) өткен 30-шы Халықаралық кинофестивальде үздік атанды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық режиссер Фархат Шәріповтың "18 килогерц" картинасының қоржыны тағы бір жүлдеге толықты. Фильм Котбуста (Германия) өткен 30-шы Халықаралық кинофестивальде үздік атанды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Картина Youth Film Competition конкурстық бағдарламасында көрсетілді. Котбустағы мерейтойлық кинофестиваль жеңімпаздары 12 желтоқсанында кешке онлайн марапаттау рәсімінде жарияланды.

"Біздің ойымызша, бұл әсерлі фильмде көріністер шығармашыл және ерекше түсіріліп қана қоймай, оқиғаның өзі де жақсы ашылған. Картинада жасөспірімдер есірткі кесірінен қырсыққа тап болғандай көрінеді, бірақ мұнда адам өміріндегі қиындықтар мен көптеген әлемнің теңесуі туралы айтылады, оны жігіт бірге жинауы керек. Фильм көрсетілім барысында ғана емес, қалыпты өмірге оралғаннан кейін де санамыз бен жүрегімізде қалды", - деп атап өтті халықаралық қазылар алқасының мүшелері.

Биыл алғаш рет сандық кеңістікте өтіп отырған Шығыс Еуропадағы ең үлкен кинофестивальге 150-ге жуық фильм ұсынылғанын айта кеткен де жөн.

"18 килогерц" фильмі - 90-шы жылдардың соңындағы жасөспірімдердің өмірі баяндалатын көше тарихы. Фильмдегі басты рольдерді дебютант актерлер сомдаған: Мұсахан Жұмахан, Әлібек Әдікен, Камила Фун-Со. Кинокартина 2020 жылдың қазанында сенсациялық түрде 36-шы Варшава Халықаралық кинофестивалінің гран-приін жеңген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети