Қазақстанда фильмдерді мемлекеттік тілге дубляждау міндеттеледі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда фильмдерді мемлекеттік тілге дубляждау міндеттеледі Фото: elements.envato.com

Мәдениет және спорт министрлігі "Кинематография туралы" заңға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Ол фильмнің түпнұсқасын міндетті түрде қазақ тілінде дубляждау талабына бағытталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәдениет министрлігі сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдениет және спорт министрлігі "Кинематография туралы" заңға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Ол фильмнің түпнұсқасын міндетті түрде қазақ тілінде дубляждау талабына бағытталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәдениет министрлігі сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, заң жобасы Үкіметте биыл қазанда қаралады. Кейін ол желтоқсанда Парламент Мәжілісінің қарауына жіберіледі. Жол картасына сәйкес 2022 жылы Заңды қабылдау жоспарланған. Өзгерістер Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру мақсатында жоспарланғаны айтылды.

"Қазіргі уақытта мүдделі органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдерінен және кинематография қайраткерлерінен жасақталған жұмыс тобы құрылды. Бүгінде жұмыс тобы 10-нан астам отырыс өткізді. Онда кинематографияның кинокомиссияларды құру тетігі, фильмдерді қазақ тіліне дубляждау бөлігіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Орындалуы алдағы уақытта да жобалық кеңсе арқылы қадағаланады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2018 жылдан бері Қазақстанда көрсетілетін фильмдер қазақша субтитрмен сүйемелденеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети