Қазақстанда кинотеатрлар ашылды. Қандай фильмдер көрсетіледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда кинотеатрлар ашылды. Қандай фильмдер көрсетіледі? Фото: ©Tengrinews

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайы тұрақты өңірлерде кинотеатрлар жұмыс істей бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайы тұрақты өңірлерде кинотеатрлар жұмыс істей бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

19 қазанда ведомсвоаралық комиссия ауру өсімі болмаған, эпидемиологиялық жағдайы "жасыл" топқа жататын өңірлерде бизнес субъектілерінің қызметін кезең-кезеңімен қайта бастау туралы бірқатар шешім қабылдаған еді.

"26 қазаннан бастап қашықтық пен маска тағу режимін сақтай отырып, кинотеатрлар толымдылығы 30 пайыздан аспайтын жағдайда жұмысын қайта бастайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кинотеатрлар алғашқы жұмыс күнінде көрермендерге отандық "Любовь на миллион" комедиясын көрсетеді. Сонымен қатар, "Пышка" (продюсері Баян Максатқызы), "Семейные страсти" (продюсері Алмат Шадмат) және "Жаным, ты не поверишь" (продюсері Жандос Айбасов) фильмдері көрсетіледі.

2 қарашада "Базар жоқ, Мексика!" комедиясының премьерасы өтеді. Фильмге Асқар Ілиясов, Олжас Абай, Қажет Смағұлов және Айжан Лайджи сынды актерлер түскен.

Қазақстанда кинотеатрлар 26 қазаннан бастап ашылады

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети