Қазақстанда "Тақиялы періште" фильмінің жалғасы түсіріледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фильмде бас кейіпкердің анасы болып ойнаған Әмина Өмірзақова Фильмде бас кейіпкердің анасы болып ойнаған Әмина Өмірзақова

Қазақстанда Шәкен Аймановтың 48 жыл бұрын шыққан "Тақиялы періште" фильмінің жалғасы түсіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, "Қазақфильм" киностудиясы бұл фильмді 1968 жылы түсірген еді. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда Шәкен Аймановтың 48 жыл бұрын шыққан "Тақиялы періште" фильмінің жалғасы түсіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, "Қазақфильм" киностудиясы бұл фильмді 1968 жылы түсірген еді. 

Картинаның екінші бөлімін кинематографист Марат Сәрсенбаев түсіреді. Ал екінші режиссер - Гүлбаршын Әбуева. Идеясын айтып, сценарийін жазған - Құсман Шалабаев. Жоба жеке адамдардың қаржысына түсірілмекші. Түсірілім тобы дайындық процесіне кірісіп кетті, түсірілім жұмыстары сәуір айында басталмақ. Сюжетіне келсек, көп жыл өткеннен кейін оқиға қайталанады, бірақ қалыңдықты география пәнінің мұғалімі Тайлақтың немересі іздейді.   

"Тақиялы періште" фильмінің түсіріліміне бірінші бөлімінде ойнаған актерлер Әлімғазы Райнабеков (Тайлақтың ролінде ойнаған), Бибігүл Төлегенова және Шолпан Алтайбаева қатысады. Оларға Дәулет Әбдіғапаров пен Димаш Ахимов қосылады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта бас кейіпкерлердің роліне жас актерлерге кастинг жарияланған.  

Айта кетейік, "Тақиялы періште" фильмі анасының баласының бойдақ өміріне көңілі толмай, оған қалыңдық іздеуімен ғана емес, актерлердің тамаша ойынымен және Александр Зацепиннің "Ты куда, Одиссей" әнінің орындалуымен де есте қалды. Содан бері картина үлкендердің ғана емес, жастардың арасында да қызығып көретін кинокомедияға айналды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro