15 наурыз 2014 | 15:27

Қазақстанда "Залетчики" комедиясына бойкот жариялауды ұсынып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото filminterni.ru сайтынан алынды Фото filminterni.ru сайтынан алынды

Қазақстанда "Интерны" телехикаясының әртісі Илья Глинниковтың қатысуымен түсірілген ресейлік "Залетчики" комедиясына бойкот жариялауды ұсынып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ауыл шаруашылығының бұрынғы вице-министрі Марат Төлібаевтың айтуынша, дәл осындай қадам арқылы мұндай әртістерді сабасына түсіруге болады. "Қазақстанның барлық кинотеатрларында бұл фильмге бойкот жариялау керек! Фильм көрерменсіз, бос залдарда жүрсін. Мұндай әрекет фильмнің көрсетілмеуіне қарсы айтарлықтай шара болады", - дейді вице-министр Facebook парақшасында. Мұндай пікірді шоумен Нұртас Адамбаев та ұстануда. Оның ойынша, бұл фильмнің Қазақстан аумағында прокатқа шығуын тоқтату керек. "Залетчики" фильмін Қазақстанда көрсетуге тиым салу керек. Өйткені, фильмдегі әртістер біздің тілшілер мен көрермендерді құрметтемеді, - дейді Адамбаев. Келеңсіз жағдай Алматыда комедияның таныстырылу рәсіміндегі баспасөз жиынында орын алған. Жиын барысында Илья Глинниковқа комедияның бас-аяғына дейін бөксе киімін киіп түсу қалай болды, деген сауалына актер дөрекі жауап қайтарған. Кейінірек ол сұхбат беру барысында да дөрекі сөзбен жауап берген. Бұл сұхбат ғаламторда жарияланып кеткен.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети