17 сәуір 2016 12:57

Қазақстандық екі бірдей актрисаға операция жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айсұлу Әзімбаева мен Дарья Александрова © Instagram Айсұлу Әзімбаева мен Дарья Александрова © Instagram

Бірден екі қазақстандық актриса - Айсұлу Әзімбаева мен Дарья Александрова - денсаулығына байланысты хирургиялық ота жасатып, қазір сауықтыру шараларынан өтіп жатыр, - деп хабарлайды Comode.kz.


Бірден екі қазақстандық актриса - Айсұлу Әзімбаева мен Дарья Александрова - денсаулығына байланысты хирургиялық ота жасатып, қазір сауықтыру шараларынан өтіп жатыр, - деп хабарлайды Comode.kz.

Әзімбаеваға стоматологиялық ота жасалды, бірақ ол оның ауруын асқындырып жіберді. Жағдай күрделі еді: бірінші күні Айсұлу әрең сөйледі. Сондықтан қазақстандықтардың сүйікті актрисасы Айсұлудың қатысуымен өтетін "Любовница" спектаклі болмай қалды. Сәуір айына жоспарланған барлық қойылымдар кейінге қалдырылды.

Айсұлудың көрермендері оны барынша қолдап, тез жазылып кетуін тілеп жатыр. Актриса қайта күш-жігер жинау үшін Катмандуға демалуға кетті.


Айсұлу Әзімбаева. © instagram.com/strangeice

Сонымен қатар, Дарья Александрова жақында Беларусьтен оралды, ол онда аяғына ота жасатты. Бұл туралы актриса оқырмандарға өзінің Instagram парақшасында жазды: "Өмір салты. Үнемі отыру - лицейдегі тәулік бойғы оқу. Кейін бармен жұмысы. Қазір шектен тыс белсенділік, ары-бері ұшу, биік өкшелер, спорт (әсіресе, кроссфит залына барғаннан кейін қиын болып кетті). Барлығы соңында бір уақытта болып кетті. Содан аяғымның тамыры шығып, күнде кешке қарай аяғымдағы ауру мен шаршағандық маза бермеді. Мен сияқты енжарлықты сүймейтін адамға бұл, әрине, қиын жағдай. Эстетикалық жағынан да жағдай онша емес. Содан ота жасатуға бел будым. Енді ризамын. Мен неге мұны айтып отырмын. Осындай ауруға әйелдердің 80 пайызы, ал ер адамдардың 30 пайызы шалдығады. Қыздар, ем алуды кейінге қалдырмаңдар. Ота жасату 10 жыл бұрын елестеткендей соншалық қорқынышты емес, бағасы да қолжетімді. Отадан соң денеде ешқандай жара қалмайды! Тек 5-9 күндей ота жасалған жер көгеріп тұрады. Денсаулыққа қарап жүріңіздер...".

Бүгінде Дарья бұрынғы қалыпты өмір салтына оралды. Қазір актриса өзінің "Мама" атты жаңа әнін қазақстандық радиостанциялардың эфирінде беріп жатыр.


Дарья Александрова. © instagram.com/dariya_aleksandrova

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети