Режиссер Нариман Төребаевтың "Шытырман" ("Приключение") фильмі Франциядағы Азия киносы (Festival International des Cinemas d'Asie de Vesoul) кинофестивалінің бағдарамасына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кинофестивальдің негізгі бағдарламасына Қытай, Корея, Австралия, Үндістан, Иран, Филиппин, Тайвань, Қырғызстан және Мьянмадан тоғыз фильм еніп отыр. Қазақстандық фильмді "Қазақфильм" киностудиясы түсірді. Лентаға Федор Достоевскийдің "Белые ночи" туындысының желісі негіз болды. Қазақстандық фильмде Алматыда болған оқиға көрсетіледі. Картина махабаттың адамдарды біріктіріп, ажырастыратыны туралы баяндайды. Фильмнің халықаралық продюсері - Arizona Films француз компаниясы.
Картинада басты рольдерде "Конвой" лентасына түсіп, "Еуразия" VIII халықаралық кинофестивалінің үздік ер адам ролін жеңіп алған Азамат Нығманов пен жас актриса Айнұр Ниязова ("Книга легенд: Таинственный лес") ойнайды. Бұған дейін "Шытырман" фильмі Карловы Варыдағы 49-шы кинофестивальдің негізгі бағдарламасына қатыстырылған еді. Ол кезде лента жүлде ала алмады.