10 тамыз 2021 18:12

Қазақстандық фильм Нью-Йорктегі кинофестивальде көрсетіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жаным, ты не поверишь" фильмі New York Asian Film Festival кинофестивалінде көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Жаным, ты не поверишь" фильмі New York Asian Film Festival кинофестивалінде көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

12 тамызда қазақстандық картинаның Солтүстік Америкада тұсаукесері өтеді. Кинофестиваль биыл онлайн форматта да, офлайн режимде де өтеді. 6 тамыздан 22 тамызға дейін Линкольн орталығында 60-тан аса түрлі жанрдағы фильм көрсетіледі.

Режиссер Ернар Нұрғалиевтің "Жаным, ты не поверишь" картинасының тарихы жас жұбайлар арасындағы қарапайым отбасылық жанжалдан басталады (Данияр Алшинов пен Әсел Қалиева). Жағдай шиеленісе бастағанда Дастан есімді бас кейіпкер (Азамат Маркленов, Ерлан Пірімбетов) бизнесмен және учаскелік полиция қызметкері балық аулауға шығады. Күтпеген жағдайлар бұл күнді қанды оқиғаға айналдырады.

"Біз батыл, күлкілі, қызық кино түсірдік. Бір жағынан авторлық кино, осыған дейін түсірілген басқа кинокартиналарға ұқсамайды, екінші жағынан мүлдем көрермен күтпеген оқиғаларға толы, көптеген жұлдыздармен, музыкамен және керемет әзілмен толыққан фильм. Сценарийде еркіндік көп. Режиссёр ретінде айтарым, бұл фильм көрермен тарапынан жоғары бағалатын туынды болады", - деді фильм режиссері.

Айта кетейік, "Жаным, ты не поверишь" Каталониядағы Халықаралық кинофестивальдің (Sitges International Film Festival) конкурстан тыс бағдарламасында таныстырылды, сондай-ақ ресейлік "Киношок-2020" кинофестивалінде үш марапатқа ие болды, оның ішінде "Золотая лоза" фестивалінің бас жүлдесі де бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети