Қазақстандық белгілі режиссер Серік Апрымовтың "Әкеге қоңырау шалу" фильмі Орынборда өткен ХІ Халықаралық "Восток - Запад. Классика и Авангард" кинофестивалінде толық метражды фильмдер байқауында бас жүлдені жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ПрофиСинема" порталына сілтеме жасап.

Кинофестивальдің халықаралық бағдарламасында лауреат атанғандар: "Үздік режиссер" - Милко Лазаров ("Ага" фильмі, Болгария - Германия - Франция), "Үздік актер" - Леон Лючев ("Шахтер", режиссері Ханна Слак, Словения), "Үздік актриса" - Лина Хоудри ("Благословенные", режиссері София Джама, Франция - Бельгия - Катар).
"Әкеге қоңырау шалу" фильмі шалғай ауылда тұратын Еркін деген бала туралы. Дәрігер оған қорқынышты диагноз қояды - психикалық дамудың тоқтауы. Алайда бала қарапайым мектепте оқиды.
Еркіннің анасы үлкен ұлы қайтыс болған соң отбасынан кетіп қалады және Еркін кірпіш сатып көмектесу үшін әкесімен қалады. Әкесі ішеді, ал бала қалаға барып, балалар үйінде тұрып, оқуды армандайды.