Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Қазақстандық жігіт ағылшынның Instagram туралы фильміне түсуге шақырту алды

27 Шілде 2015, 10:42
0
Димаш Әділет
Димаш Әділет

Алматылық Димаш Әділет ұлыбританияның деректі фильмнің түсірілім жұмыстарына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лента Instagram желісіне ерекше суреттер жүктеу арқылы танымал болған адамдар жайлы. Олардың тізіміне 60 мың фолловері бар қазақстандық та кірді. 

Instagram желісіне Димаш үш жыл бұрын тіркелген. Ол негізінен күнделікті өмірде түскен суреттерін жариялап, алған әсерлерімен, қызықтарымен бөлісіп отырады. "Менің Instagram желісінде өздігімнен танымал болдым. Мен онда түрлі сәттерде түскен суреттерімді жүктеп отырдым, бірте келе адамдардың көптеп жиналып жатқанын аңғардым. Танымал болуды мақсат еткен емеспін. Instagram менің өмірімнің құжаты сияқты болды. Уақыт өткен сайын маған жазылушылар санының белсенді түрде артып келе жатқанын аңғардым, осыдан кейін мен мұны басқа да мақсаттарға пайдалана алатынымды білдім", - деді ол.

Қазір Димаш Швейцарияда білім алып жатыр, сондықтан да оған жазылушылардың ішінде ағылшын тілінде сөйлейтіндер өте көп. Ол посттарын ағылшын және орыс тілдерінде жазады. "Жарты жыл бұрын мен посттарымның форматын өзгерттім. Суреттерден басқа түрлі тақырыпта кішігірім посттар жаза бастадым. Өз танымалдылығымды кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай нәрсе жасауға пайдаланғым келді. Мен жастарымыздың мәдениетті, білімді және рухани мықты болуларын қалаймын", - деді ол.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай