21 ақпан 2016 | 09:54

Қазақстандық продюсердің фильмі қытай видеопираттарының хитіне айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Bazelevs кинокомпаниясының "Ол - айдаһар" атты фантастикалық фильмі қытай видеопираттарының хитіне айналды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Bazelevs кинокомпаниясының "Ол - айдаһар" атты фантастикалық фильмі қытай видеопираттарының хитіне айналды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Әулие Валентин күнінің қарсаңында қытай пират ресурстарында пайда болған "Ол - айдаһар" мелодрамасы күтпеген жерден миллиондаған көрерменнің назарына ілікті, бұл жайт картинаны шығарушылардың өздері үшін де күтпеген жағдай болды. Порталдардың бірінің өзінде оны бес күнде 3,7 миллион адам тамашалаған, сонымен қатар, қытай интернет сегментінде жалпы жүзге жуық осындай сервис бар деп есептеледі.

"Біз фильмді қытай дистрибьютерлеріне ұсынғанда, олар картинаның жергілікті халықты қызықтыра алмауы мүмкін екенін айтты: себебі, фильмдегі Айдаһар жағымсыз кейіпкер, жауыздықты көрсетеді, ал ол халықтық жаратылыс кейпіне қарсы келеді", - деді кинокомпанияның сату бөлімінің басшысы Валерия Добролюбова.

Дегенмен лента Қытайдан өз көрермендерін тапты. Сонымен қатар, қытай жасөспірімдері Instagram желісінде фильмде басты рольді сомдаған Матвей Лыковқа деген сүйіспеншіліктерін жазатын болған.

Енді "Ол - айдаһар" фильмін шығарушылар фильмді қытай телеарналарынан көрсету жөнінде келіссөздер жүргізуді ойлап отыр. Фильмнің Жапониядағы тұсаукесері күзде өтеді, ал таяу күндері оңтүстіккореялық серіктестермен жүргізілген келіссөздердің нәтижесі белгілі болады.

Айта кетейік, картинаның продюсері - қазақстандық Игорь Цай, режиссері - Индар Джендубаев. Цайдан басқа бұл картинаға қазақстандық бүкіл "Кун-До" командасы өз үлесін қосты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети