Қазақстандық режиссер "Крестный отец" трилогиясының продюсерімен бірге фильм түсіреді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Bmtv.kz © Bmtv.kz

Қазақстандық кинорежиссер Саламат Мұхаммед-Әли әйгілі "Крестный отец" трилогиясының продюсері, "Оскар" сыйлығының лауреаты Грей Фредиксонмен бірге фильм түсіреді, - деп хабарлайды Almaty.tv.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық кинорежиссер Саламат Мұхаммед-Әли әйгілі "Крестный отец" трилогиясының продюсері, "Оскар" сыйлығының лауреаты Грей Фредиксонмен бірге фильм түсіреді, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Телеарна мәліметінше, картина "Құлдар" ("Рабы") деп аталады. Фильмде жоғары білімді қаракөз қыздың тағдыры баяндалады.

"Фильм Қазақстаннан шыққан өте дарынды қыз туралы. Ол қылмыстық оқиғаларға байланысты Нью-Йоркке барады. Ол жақта өте бай адамның қолына тұтқынға түсіп, құлға айналады", - деді режиссер Саламат Мұхаммед-Әли. Ол түсірілімнің 90 пайызы АҚШ-тың Оклахома штатында өтетінін, ал қалған эпизодтарды Қазақстанда жүргізу жоспарланғанын айтты.

Қазір сценарийдің соңғы нұсқасы жазылып, инвесторлармен келіссөздер жүріп жатыр. Шығарманың басты рольдерінде АҚШ актерлері мен отандық әртістер ойнайды деп жоспарланған.

Айта кетейік, Саламат Мұхаммед-Әлидің бұған дейін "Бүкіл әлем аяғымыздың астында" фильмі шыққан болатын. Фильм Әлия (Қарлығаш Мұхамеджанова) есімді жас қыз туралы, ол тағдырдың жазуымен қылмыстық ортаға түседі, бірақ ол еш берілместен қылмыстық әлемнің "кіндік аталарына" қарсы шығады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro