Қазақстандық режиссер Медет Шаяхметов АҚШ-та 20-28 ақпан аралығында өтетін Sedona халықаралық кинофестиваліне қатысуға шақырту алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық режиссер Медет Шаяхметов АҚШ-та 20-28 ақпан аралығында өтетін Sedona халықаралық кинофестиваліне қатысуға шақырту алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кинофестивальдің аясында Медет Шаяхметов Escape ("Побег") деп аталатын бірінші қысқаметраж фильмін ұсынады. Фильм АҚШ-та Нью-Йорк киноакадемиясында оқып жүрген кезінде түсірілген.
"Өкінішке қарай, фильмді әзірше Желіден көре алмайсыздар - бұл конкурстың талаптарының бірі. Фильмді Қазақстанда көрсеткім келеді, көктемге таяу келе аламын деп ойлаймын. Фильмім көрерменге ұнайды деп үміттенемін, картинада өмірдегі болып жатқан мәселелер жайлы", - деді Шаяхметов.