Тимур Бекмамбетовтың режиссерлігімен түсірілген голливудтық блокбастер "Бен-Гур" туындысы 2016 жылдың ең қымбат сәтсіздікке ұшыраған фильмдер тізбегінде көш бастады, - деп хабарлайды The Hollywood Reporter.
Тимур Бекмамбетовтың режиссерлігімен түсірілген голливудтық блокбастер "Бен-Гур" туындысы 2016 жылдың ең қымбат сәтсіздікке ұшыраған фильмдер тізбегінде көш бастады, - деп хабарлайды The Hollywood Reporter.
Аналитиктер бағалауы бойынша, "Бен-Гур" фильміне инвесторлар 120 миллион доллар құйған. Кино түсіріліміне 110 миллион доллар қаражат жұмсалса, қалған маркетинге пен жарнамаға кеткен. Әлемдік прокатта бұл картина небәрі 94,1 миллион доллар тапқан. Жұмсалған қаражатты қайтару тек 43 пайызға орындалған.
Режиссердің өзі РИА Новости порталына берген сұхбатында америкалық прокатта неліктен сәтсіздікке ұшырағанын түсіндірді. Оның айтуынша, қазір қоғам кешірім берілген сюжеттерді емес, кек қайтарылған картиналарды іздейді.
Сәтсіз туындылар қатарында күміс жүлдені Стивен Спилбергтың "Большой и добрый великан" фильмі иеленді. Ол тек өзі жұмсаған қаражаттың 64 пайызын қайтарған.
Үшінші орында "Египет құдайлары" фильмі 90 миллион долларға ұтылған.
Осы тізімде Бред Питт пен Марион Котийяр басты рөлде сомдаған "Союзники" фильмі (80 миллион доллар).
Пол Фиганың "Охотники за привидениями" туындысы (70 миллион доллар).
Джеймс Бобинның "Алиса в Зазеркалье" (70 миллион доллар) фильмдері бар.