Қазақстандық режиссердің туындысы Оңтүстік Кореядағы деректі фильмдер фестивалінде көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық режиссердің туындысы Оңтүстік Кореядағы деректі фильмдер фестивалінде көрсетілді Сюжеттен алынған кадр

Оңтүстік Кореяда деректі фильмдер фестивалі өтіп жатыр, - деп хабарлайды "Хабар 24".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореяда деректі фильмдер фестивалі өтіп жатыр, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Көрермендер назарына қазақстандық Дмитрий Ли ағылшын тіліндегі картинасы Belong - "Менің тамырларым" деп аталатын туындысын ұсынды.

Фильмде автор өзінің тарихи отанындағы өмір сүру тәжірибесі мен АҚШ, Испания, Украинадан келген шетелдіктердің бастан кешкен оқиғаларын баяндайды.

"Кореяға келгендердің көбі, өкінішке қарай, корей тілін білмейді. Мұнда мысалы, басқа елдердегідей ағылшынша сөйлеспейді. Кореяда корей тілін білмесеңіз, өте қиын. Сондықтан бірінші мәселе - тіл. Ал екіншіден, мәдени айырмашылық та бар", - дейді қазақстандық режиссер.

Айта кетейік, Дмитрий Ли Kazakh TV телеарнасында ағылшын тіліндегі жаңалықтардың редакторы және дикторы болып жұмыс істеген болатын.

Дереккөз мәліметінше, фестиваль биыл сегізінші рет өтіп отыр. Оған 18 елден 51 фильм ұсынылған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети