"Ол - айдаһар" фантастикалық картинасының продюсері, қазақстандық Игорь Цай түсірілім жұмыстары жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Лентаны Тимур Бекмәмбектовтің Bazelevs кинокомпаниясы түсіріп жатыр.
"Ол - айдаһар" фантастикалық картинасының продюсері, қазақстандық Игорь Цай түсірілім жұмыстары жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Лентаны Тимур Бекмәмбектовтің Bazelevs кинокомпаниясы түсіріп жатыр.
Айта кетейік, Игорь Цай Тимур Бекмәмбетовпен осыған дейін де қызметтес болған, алайда тек трюктерді қоюшы ретінде. Игорь Цайдың басқаруындағы "Кун-До" жекпе-жегінің сахналық мектебі "Джентльмены удачи" фильмінің ремейкінде экшн-қойылымдармен айналысқан, сонымен қатар "Президент Линкольн: Охотник на вампиров", "Дневной дозор", "Выкрутасы", "Особо опасен" фильмдерінде жұмыс істеген.
Продюсердің айтуынша, фантастикалық мелодрама, бірінші кезекте, әйелдер аудиториясына арналған. Бірақ түсірушілер фильмнің қызығушылық туғызатынын айтады. "Біз оны коммерциялық жолда табысты болсын деп тырысқан жоқпыз, өзіміз де қызығып көре алатындай кино жасағымыз келді. Түсірілім командасына жастар кірген, олардың жасы 30-ға жетпейді. Фильмнен алатын уайым мен сезімдер бізге де жақын, себебі біз жобаны жан-тәнімізді салып жасадық", - деді Цай.
Лентаның режиссері жас кинематографшы Инжар Джендубаев. "Ол - айдаһар" фантастикалық мелодрамасының сюжеті бойынша, князь қызы Мирославаны үйлену тойы алдында айдаһар алып кетіп, аралдағы қамалына қамайды. Арман есімді айдаһардың бұл аралға қалай тап болғанын Мирослава кейін біледі. Сөйтіп, екеуінің бастан өткерген қиындықтары баяндалады. Фильмде екі әлем бар - кейіпкердің және айдаһардың әлемдері бір-біріне мүлдем ұқсамайды.
Картинаның сценарийін Марина мен Сергей Дяченколар жазған. "Ол - айдаһар" фантастикалық мелодрамасында басты рольдерді 28 жастағы Матвей Лыков пен 26 жастағы Мария Поезжаева сомдайды.
Айта кетейік, трейлер шыққаннан кейін қолданушылар бас кейіпкер Матвей Лыковты "Сумерки" фильмінің жұлдызы Роберт Паттинсомен салыстырды. "Біз қасақана іздемедік, осылай болып қалды. Матвей - қайталанбас адам, оны тапқанымыз сәтті болды. Тимур оны бір бейнебаяннан байқап қалыпты. Ол айдаһардың роліне дәл келді. Өзімен сөйлесіп көрсеңіз де жатғаламшарлық сияқты", - деді Цай.
"Ол - айдаһар" лентасы қазақстандық және ресейлік прокатқа 3 желтоқсанда шығады. Қазіргі уақытта продюсерлер шетелдік мамандармен келіссөздер жүргізіп жатыр.