"Келін" телехикаясының жұлдызы Нұрлан Қоянбаевтың фильміне түседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Келін" телехикаясының жұлдызы Нұрлан Қоянбаевтың фильміне түседі Сиддхартх Шукла. © Masala.com

"Келін" телехикаяясының жұлдызы, үнді актері Сиддхартх Шукла қазақстандық "Бизнес по-казахски" фильміне түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Келін" телехикаяясының жұлдызы, үнді актері Сиддхартх Шукла қазақстандық "Бизнес по-казахски" фильміне түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Актер таяу уақытта Алматыға түсірілім алаңына келеді.

Идея авторы және фильм продюсері - әйгілі шоумен, тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев. Ол өзі лентада басты рольдердің бірінде ойнайды. Фильмді музыкант әрі клипмейкер Жеңісхан Момышев түсіріп жатыр. Картинада Әбунасыр Серіков, Жан Байжанбаев ("Рэкетир"), Макс Акбаров "Қызғылт қоян туралы ертегі", Гүлназ Жоланова ("Махаббатым жүрегімде"), Құралай Әнуарбекова ("Жаужүрек мың бала") да ойнайды.

Түсірілім жұмыстары мамыр айында басталды, маусымның соңына қарай бітеді деп жоспарланып отыр. Бизнестің қыры мен сырын, қиындығы мен қызығын айшықтайтын комедиялық жанрдағы фильм үстіміздегі жылдың күз айларында отандық кинопракатқа шығады деп жоспарланып отыр.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети