22 ақпан 2015 14:27

Кэмерон Диаз 2014 жылдың ең нашар актрисасы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Etoday.ru ©Etoday.ru

Голливуд жұлдыздары Кэмерон Диаз бен Кирк Кэмерон жыл бойындағы сәтсіз киножобаларымен "Алтын таңқурай" антижүлдесінде (Golden Raspberry (RAZZIE) Awards) ие болды, - деп хабарлайды РИА Новости жүлде ұйымдастырушыларының сайтына сілтеме жасап. 


Голливуд жұлдыздары Кэмерон Диаз бен Кирк Кэмерон жыл бойындағы сәтсіз киножобаларымен "Алтын таңқурай" антижүлдесінде (Golden Raspberry (RAZZIE) Awards) ие болды, - деп хабарлайды РИА Новости жүлде ұйымдастырушыларының сайтына сілтеме жасап. 

Жылдың ең нашар картинасы - басты ролінде Кирк Кэмерон ойнаған "Рождествоны құтқару" фильмі. Ал Кэмерон Диаз екі бірдей аталым бойынша, нақтырақ айтсақ, "Басқа әйел" және "Үйде түсірілген видео" фильмдері үшін абыройсыз жүлде алды. Басылымда актрисаның Дрю Бэримор, Шарлиз Терон, Гайя Уайсс және Мелисса Макарти сияқты актерлердің "алдын ораған".

"Алтын таңқурай" жүлдесінің тұжырымы бойынша,"Трансформерлер 4: жою дәуірі" картинасының авторы Майкл Бей жылдың ең нашар режиссері атанды. Сонымен қатар, антижүлде ұйымдастырушыларының осы жылы жаңа аталымды ұсынғаны айтылды - өткен жылдарда "Алтын таңқурай" жүлдесін алғандардың жаңа қырынан көрініп, сәтті жұмыс атқарғандарды атап өту үшін берілетін аталым. Мәселен, осыған дейін Бен Аффлек "Джильи" картинасы үшін осы жүлдені алған болса, енді ол көрермендердің ыстық ықыласына ие болып, үш бірдей "Оскар" жүлдесін алған "Арго" және "Жоғалған" фильмдеріндегі жұмысы үшін жаңа аталымға лайық болып отыр.

Публицист Джон Уилсон 1980 жылы "Алтын таңқурай" антижүлдесінің негізін қалаған. Әркім де ұнатпаған фильміне дауыс бере алады, бірақ бұл үшін дауыс беруші "Алтын таңқурай" қорында болған мүшелігі ретінде төлем жасауы тиіс. Лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүр бойынша Голливудта "Оскар" сыйлығын марапаттау рәсімінің алдында өтті. Бұл рәсімге келгісі келмеген номинанттар құны бес доллардан аспайтын әрі алтын түске боялған таңқурай мүсінін алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети